20.09.2024, 10:00
Оқылды: 198

Оралдықтар қала күнін қалай атап өтеді?

Қыркүйек айында Оралда қала күні мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтеді. Биылда Оралда қала күніне орай бірқатар мерекелік іс-шара жоспарланған. Бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік концерттер, жәрмеңкелер мен спорттық іс-шараларды тамашалай алады, деп хабарлады Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

EC69C335-A596-499C-87E3-8B0C220AA917

Суретті түсірген Байтас Исмурзенов

17-23 қыркүйекте «Орал» спорт клубында қала әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан дәстүрлі «Достық-Дружба» қалааралық турнирі өтеді.

20 қыркүйек сағат 9.00-де «Атамекен» өнер ордасында «Uralsk Green Forum» экологиялық форумы ұйымдастырылады. Сол күні қала аумағында жаңа бульвар мен абаттандырылған аулалардың ашылу салтанаты өтеді.

«Қала күнінің» басты шаралары 21 қыркүйекке жоспарланған. Шаралар легі  21 қыркүйек күні сағат 11.00-де Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы орталық арбатта қолөнер және гүлдер көрмесімен басталады. Аталған арбатта сол күні жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілерінің көрмесі де ұйымдастырылады.

21 қыркүйек сағат 16.00-де «Атамекен» өнер ордасында дәстүрлі «Орал опера–2024» классикалық музыка кеші көрермен назарына ұсынылады.

Ал кешкі сағат 20.00-де Тұңғыш Президент алаңында «Туған қалам – Орал» атты мерекелік гала-концерт өтеді. Мерекелік концертте Adam, Балжан Бидаш және Qarakesek секілді танымал әншілер өнер көрсетеді.

22 қыркүйек күні сағат 10.00-де Зашаған кентінің Құс фабрикасы ауданындағы Бортау атшабар алаңында «Жайық жүйрігі – 2024» атты бәйге түрлерінен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты басталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале