Бұл жайында Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев есептік кездесуде айтып өтті.
Шаһар басшысы баян еткендей, халықтың теңгеге деген сенімін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесі ретінде қаламызда қаржысын ұлттық валютамен сақтағанды жөн санайтын адамдардың саны жыл сайын өсіп жатқанын айтып кетуге болады.
Ұлттық банктің облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы депозиттердегі халық салымдарының жалпы көлемі 165 млрд. теңгеден асып, 2015 жылмен салыстырғанда 29%-ға артқан.
Салымдардың теңгемен салынған мөлшері шетел валютасымен салыстырғанда 28%-ға өскен. Нәтижесінде теңге салымдары 2 есе өсіп, ал шетел валютасы 9%-ға азайды.