26.03.2018, 18:57
Оқылды: 71

Оралдың әкімі қаланың қай аумақтары суға кетуі мүмкін екенін айтты

2-Су тасқыны қаупі бар. Қар наурыз айында мол түсіп, арықтарды екінші, үшінші мәрте аршып жатырмыз. Қала тұрғындарынан өз аулаларындағы қарды көшеге шығаруын сұраймыз. «Орал таза қала» мекемесінің техникалары оны қала сыртына шығарады. Ал кәсіпкерлік нысандардың қожайындары өз аумағындағы қарды қар төгетін жерге тиеп апаруы керек. Олар түсіністік танытуда. Инертті материалдар, 16 мың қапшық дайындалды,- дейді қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Қала әкімінің айтуынша, Орал қаласының Жұлдыз, Сарытау, 2-Рабочий, қаланың ескі бөлігі, Курени, ПДП-2 аумақтарында суға кету қаупі басымырақ. Әкімнің айтуынша, қаладан 240 мың текше метр қар шығарылған. Өткен аптадан бастап су сору жұмыстары да басталып, бұған 49 техника тартылған. Қаланың барша аумағында қазір екі маусымда – күні-түні 60 жүк көлігі, 20 қар тиегіш жұмыс жасауда.

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале