Бұл жайлы бүгін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің халыққа есеп беруінде айтты.
Әкімнің айтуынша, былтыр Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсы жаңартылып, мобильді нұсқасы қосылған. Құқықбұзушылық фактілерін хабарлап, фото және видео материал қалдыруға болатын жаңа «халықтық бақылау» және тұрғындар қызықтыратын сұрақтарына жауап таба алатын «қалалық онлайн кеңесші» бөлімдері ашылған.
Былтыр әкімдіктің ресми сайтындағы қала әкімі блогына 729 өтініш-арыз келіп түсті, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 54%-ға көп.
«Блогқа түскен арыздар көбінесе жол жөндеу, ауланы абаттандыру, жолаушы тасымалын ұйымдастыру, жылумен қамту мәселелері және ыстық сумен қамтамасыз ету тақырыптарын қозғады. Блогқа келіп түсетін сауалдар бойынша берілетін жауаптардың жедел әрі тез арада берілуі менің жеке бақылауымда» дейді Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев.
zhaikpress.kz