16.02.2026, 9:00
Оқылды: 78

Оралдың бас жоспары таныстырылды: қандай өзгеріс бар?

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында Орал қаласының Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті.

IMG-20260216-WA0007

Фото: видеодан кадр

Бас жоспар – қаланың алдағы ондаған жылдарға арналған стратегиялық құжаты.

Жоба 2023 жылдан бері әзірленуде және 2030, 2040, 2055 жылдарға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Бұл – Оралдың ұзақ мерзімді, жүйелі дамуына бағытталған шешім.

Негізгі басымдықтардың бірі – қаланың батыс бағытта дамуы. «Ақжайық-1,2,3» шағын аудандарында 112 мың тұрғынға арналған 1,7 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған.

Бірақ басты ұстаным – тек баспана емес, инфрақұрылымы толыққанды аудандар қалыптастыру. Мектеп, балабақша, емхана, спорт және қоғамдық нысандар қатар дамуы тиіс.

Алдағы 20 жылда қала аумағында 79 балабақша, 36 мектеп, 3 емхана, 2 аурухана, 11 қоғамдық орталық, 5 спорт кешені және 18 өрт сөндіру депосын салу көзделген.

«Зачаганский» бау-бақша серіктестігі (Птицефабрика) аумағын тұрғын үй аймағына ауыстыру қарастырылған. Қазір бұл жерде 12 мыңға жуық адам тұрады. Шешім инженерлік инфрақұрылымды жүйелі дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда көпқабатты үйлер салу жоспарланбаған.

Көлік инфрақұрылымы да күшейтіледі: үш жаңа көпір салу, батыс айналма жолын қалыптастыру және көлік жүктемесін азайту көзделген.

Сонымен қатар 153 тарихи-мәдени нысанды қорғау шаралары күшейтіледі. Қаланың тарихи келбетін сақтау – басты міндеттердің бірі.

Бас жоспар – бүкіл қаланың ортақ құжаты. Айтылған әр ұсыныс ескеріледі. Қаламызды жайлы, қауіпсіз әрі заманауи ету – ортақ мақсатымыз.

Дереккөз: Орал қаласы әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале