12.02.2018, 21:25
Оқылды: 64

Оралдың солтүстік-шығыс ауданында бірнеше нысан бой көтереді

IMG-20180212-WA0056Халық алдында есеп берген қала әкімі Мұрат Мұқаев алдағы жоспарлармен бөлісті.

- 2582 пәтерді құрайтын 17 үй бойынша жобалық сметалық құжаттама жасақталды, оның ішінде 10 үй – Зачаган кентінде. Аталған үйлердің құрылысы 2018-2019 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі күні үйлердің құрылысына 8 млрд.теңге қаражат қарастырылды.

Сондай-ақ "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде Зачаган кентінде жалпы ауданы 81 мың шаршы метр құрайтын 10 тұрғын үй (1566 пәтер) бой көтермек. Осындай жоспармен біз Зачаган кентіндегі үйлер құрылысын аяқтап, аумақты абаттандыруға көшетін боламыз.

Орал қаласы екі бағытта дамуда. Соның бірі солтүстік-шығыс жағы. Жобаға сәйкес аталған аудан 109 гектарды құрайтын болады. Осы ауданында 27 көп қабатты тұрғын үйлер, 1 мектеп пен 1 балабақша, сонымен бірге, дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің және бассейннің құрылыстары жоспарланған.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары 2016 жылы бастау алып, 2017 жылы жалғасын тапты. Атап айтқанда, 4,3 км. кәріз желілері, 5,6 км. сумен қамту желілері және 27,6 км. электрмен жабдықтау желілері жүргізілді. Аталған ауданды квартал ішілік жолдармен, су әкету каналдары және жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сонымен бірге, инженерлік желілерді жүргізу мақсатында газбен қамтудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Қазіргі уақытта осы аудан бойынша 7 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр, соның ішінде 2 үй бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, - деді қала əкімі.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

IMG-20180212-WA0102 IMG-20180212-WA0114 IMG-20180212-WA0117 IMG-20180212-WA0101

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале