26.07.2023, 16:30
Оқылды: 162

Оралға белгілі жыршы Сәрсенбай Рахманбердиев келді

Жыршыны БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсентегі қабылдады.

b210d285-f145-499e-8648-6aacebd0d8d0

Облысқа келген жыршы қонаққа басқарма басшысы өңірдегі ақындар мектебі, жыршылық дәстүр туралы баяндады.

08826145-a67b-4d3a-8285-4cde5d7254c6

- Біздің өңір өнерге бай өлке. Ақындар мектебі өте жақсы жолға қойылған. Қазір жыршылық дәстүрді кеңінен насихаттап жатырмыз. Бабаларымыз таңды-таңға ұрып жыр тыңдап өскен. Қазақ жырында барлық тәрбие мен дәстүр үйлесімділігі жатыр. Осы асыл мұраны өлтірмей насихаттап жүрген сізге алғыс айтамын. Ақжайық өңіріне қош келдіңіз, - деді Сайран Дүйсентегі.

Айта кетейік, жыршы Сәрсенбай Рахманбердиев Оралға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспанның бастамасымен келіп отыр. Жыршы бүгін оралдықтарға арнап жыр айтады.

Өңірге келген қонаққа басқарма басшысы облыстағы ақын-жазушылардың кітаптарын сыйға берді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале