«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап сұраныстың жоғары болуына байланысты №81/82 «Нұрлы жол – Орал» тальго жолаушылар пойызының құрамына әйелдер вагоны енгізіледі.

Фото: PR_KTZh
Елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасында күнара қатынайтын бұл пойыз «Нұрлы жол» вокзалынан жұп күндері сағат 23:55-те жөнелтіліп, Орал станциясына жұп күндері 05:20-да келеді. Ал Оралдан жұп күндері сағат 09:55-те шығып, елордаға тақ күндері 15:04-те жетеді. Жол бойында 9 аялдама қарастырылған. Осы жаңа вагонның қосылуымен елдегі әйелдер вагоны бар бағыттардың саны 13-ке жетеді, олардың қатарында Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Павлодар, Түркістан, Семей, Атырау, Ақтөбе және Шымкент бағыттары бар.
Әйелдер вагонында ересектердің еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат етіледі. Билеттерді теміржол кассаларынан немесе bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға болады, ол үшін билет рәсімдеу кезінде «ӘЙ» белгісіне назар аудару қажет. Тасымалдау қағидаларына сәйкес билет сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады.