24.03.2023, 16:44
Оқылды: 10

Ораза 2023: рұқсат етілген және тыйым салынған амалдар

Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі ол – Рамазан айы. Биыл оның ұзақтығы 29 күн.  Рамазан айының ерекшелігі сол – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрбиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы. Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айдан да қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай.

95b2568b-cbd2-446c-a4a4-76522c4458d6

Фото: Pixabay.com

 

Ораза қашан басталып, қашан аяқталады?

Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Биыл қасиетті ай 22 наурызда күн батқаннан кейін келді, сондықтан мұсылмандар үшін ораза 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады.

Оразаның аяқталуының келесі күні, яғни 21 сәуірде Ораза айт тойланады. Оған адамдар алдын ала дайындалып – үйлерін жинайды, мерекелік тағамдар мен ең жақсы киімдерді дайындайды. Мереке күні мұсылмандар таңертең мешіттерге жиналып, айт намазын оқиды.

Ораза кезіндегі амалдар

Рамазан айында мұсылмандар мүмкіндігінше сауапты істер жасап, садақа таратып, Құран оқып, Алла Тағаланы еске алып, қонақ шақырып, мүміндерді зиярат етіп, жамағатпен намаз оқулары керек.

Ораза ұстағандар кешке ауыз ашады, содан таңғы ауыз бекіткенге дейін тамақ ішуіне болады.

Мүміндер үшін ораза – бұл ең алдымен, тыйым салынған нәрселерден алыстап, рухани және физикалық тазару мүмкіндігі. Сондықтан ораза ұстаушылардың күндізгі уақытта су ішпеуі, кез келген тағамды жеуге, темекі шекпеуге, сондай-ақ жыныстық қарым-қатынаста болуға болмайды. Оразада мұсылмандар тамақтан ғана емес, ойын-сауықтан да бас тартуы міндетті.

Рамазан айында жұмыс істеуге тыйым салынбайды, бірақ мұсылман елдерінде бұл кезеңде іскерлік белсенділік әдетте төмендейді.

Қандай адамдардың ауыз бекітпеуіне болады?

Рамазан айында ораза ұстау барша мұсылмандарға парыз және Исламның тіректерінің бірі. Дегенмен, денсаулық жағдайына байланысты оны орындай алмайтын бірнеше санаттағы адамдар бар. Ең алдымен бұлар:

• балалар,

• жүкті және бала емізетін әйелдер,

• жағдайы нашарлауы мүмкін қарттар мен науқастар,

• жолда немесе үйден 100 км-ден астам қашықтықта жүрген саяхатшылар,

• босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдер.

Рамазан айындағы пітір садақа

Рамазан айында мүміндер пітір садақа – кедейлерге көмектесу және Аллаға шүкіршілік ету үшін парыз садақа береді. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір-садақа көлемін 535 теңге деп бекітті.

Т. Раушанұлы,

massaget.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале