Осыған дейін БҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас гастроэнтерологы, облыстық көпбейінді аурухананың гастроэнтерологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Гүлнар Мұқанова Ораза айында пайдалы тамақтану туралы кеңесін берген еді. Маман агенттіктің тағы бір сұрақтарына жауап берді.
Фото: istockphoto.com
Ауыз бекітерде қандай тағамдар тұтынған дұрыс?
- Сәресі – күні бойы қуат беретін негізгі тамақ уақыты болғандықтан оны дұрыс жоспарлау қажет.
Құнарлы тағамдар:
Ауыр және зиянды тағамдарды жемеген абзал:
Ауыз ашқанда қандай тағам тұтыну керек?
Ораза кезінде теңгерімді тамақтану өте маңызды. Ағзаға жеткілікті мөлшерде қоректік заттар, тұздар және су түсуі керек. Тамақ қарапайым болып, күнделікті рационыңыздан қатты ерекшеленбегені маңызды. Ол негізгі азық-түлік топтарын қамтуы тиіс. Мысалы: жемістер мен көкөністер, нан және дәнді дақылдар, картоп, сүт және сүт өнімдері, балық пен ет.
Сондай-ақ баяу қорытылатын және ұзақ уақыт бойы энергия бөлетін күрделі көмірсуларды тұтыну маңызды. Бұған арпа, бидай, сұлы, бұршақ, жасымық, күріш сияқты дәнді дақылдар жатады. Сонымен қатар баяу қорытылатын әрі талшыққа бай өнімдер пайдалы: кебек, нан өнімдері, тұтас бидай, тұқымдар, қабығымен піскен картоп, көкөністер, жасыл бұршақ, көптеген жемістер, құрма және тағы басқасы.
Қуырылған тағамдардан, әсіресе фритюрде қуырылған өнімдерден аулақ болу керек. Оларды пеште немесе ашық отта пісіру ұсынылады. Ал егер қуыру қажет болса, аз мөлшерде май қолданған жөн. Күнделікті өсімдік майының мөлшерін 4-5 ас қасықтан асырмауға тырысыңыз. Майлы шығыс тәттілерінен (пахлава, майлы печенье және т.б.) де бас тартқан дұрыс, - деді Гүлнар Айболатқызы.
Динара Насыр,