2.12.2022, 15:45
Оқылды: 93

«Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жарияланды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды. 

WhatsApp Image 2022-12-01 at 11.51.01

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтпукешев мәлімдеді. Құжат қабылдау 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жүргізіледі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен санитарлық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды сақтау мақсатында Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу онлайн брондау қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Үміткер мен заңды өкіл Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана кіргізіледі. Онлайн-брондау ura.nis.edu.kz сайтында жүзеге асады.

Конкурстың қорытындысы негізінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия нақты мектептерге бөлінген гранттарға сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау және тілдік тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге 7-сыныптарда оқуға грант тағайындайды.

Орал қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале