29.04.2022, 17:30
Оқылды: 292

Өрт қауіпті кезең

Жазғы өрт қауіпі кезеңінің басталуы әрдайым құрғақ өсімдіктерді өртеуге байланысты өрттердің күрт өсуімен сипатталады. Барлық жерде автомобиль жолдарының бойында, шалғындарда құрғақ шөпті өртеу жүзеге асырылады. Азаматтардың үй иеліктеріне іргелес аумақта да, сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде де қоқыс, егістіктерде сабан өртеледі. Құрғақ шөптердің жануы жеке шаруашылық иелері үшін де, жеке үй учаскелерінің иелері үшін де үйреншікті жағдайға айналады.

32

Фото дереккөзі: regnum.ru

Көбінесе адамдар өздерінің иеліктері мен іргелес аумақтарын ретке келтіруге асығады, бұл ретте өрт қауіпсіздігі талаптарын ұмытып, тек өз мүлкіне ғана емес, сонымен қатар ауыр жарақат алып, өмірлеріне қауіп келтіретініне ойламастан тұрмыстық қоқыс пен құрғақ шөпті өртейді.

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес аумақты жанатын қалдықтардан, қоқыстан, жапырақтардан және құрғақ шөптен уақтылы тазартуды қамтамасыз ету қажет. Қалдықтар мен қоқыстарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта орналасқан жерлерде жағуға тыйым салынады. Тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы кезінде, сондай-ақ ерекше өртке қарсы режимді енгізу кезінде қоныстар аумақтарында белгілі бір учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

Егер үйіңіздің жанында қоқыс немесе құрғақ шөп жанса, өртті бұтақтармен, топырақпен жауып, су шашып өз бетіңізше сөндіріп көріңіз. Жануды байқасаңыз дереу өртке қарсы қызметтің «101» немесе «112» телефон номеріне қоңырау шалып оқиға орнының нақты мекенжайын айтып хабарлаңыз.

Өрттің себепшісі, ал кейде құрбандары балалар болатын жағдайлар ерекше алаңдаушылық тудырады. Жылы мезгілдің келуімен балалар көп уақытын далада өткізеді, ата-аналарының тиісті назарының жоқтығын пайдаланып, достарымен жиі от жағады және мұның бәрі үлкен өртке айналуы мүмкін.

Қалыптасқан жағдайды айтарлықтай өзгерту қажет, әрқайсымыз қазіргі проблеманың маңыздылығын түсінуіміз керек. Шынында да, болып жатқан оқиғалардың кінәсі басым көпшілігінде біз және сіз, дәлірек айтқанда, біздің ұқыпсыздықлық пен мәдениетіміздің болмысы.

Есіңізде болсын! Тек өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ғана өрттердің алдын алып, қайғыға жол бермейді!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале