4.09.2023, 17:45
Оқылды: 118

Өрт-құтқару спорты бойынша халықаралық чемпионатта Қазақстан әйелдер құрамасы жүлделі орынға ие болды

Қазақстанның әйелдер ұлттық құрама командасы 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру бойынша қола жүлдегерлер атанды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

273C1C6F-5DE8-462B-AE76-4493263AF949

3 қыркүйекте Түркия Республикасының Стамбул қаласында Бурхан Фелек орталық стадионында 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру түріндегі ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионаты мен әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатының екінші күні өтті.

Сағат 10.00-де әйелдер арасында жарыс басталды. 9 әйелдер құрама командасы арасында ҚР әйелдер ұлттық құрамасы жүлделі III орынға ие болды.

Алдын ала жүгіру кезінде Юлия Сыромяжко осы жарыс бойынша 16,47 секунд уақыт көрсетіп ұлттық рекордты жаңартты (бұрынғы рекорд 16,58 секунд). Кейін бұл рекордты Тұрсын Айдана 16,41 секунд нәтижесімен жеңіп, ұлттық құрама арасындағы ең үздік көрсеткішті көрсетті.

Әрі қарай әйелдер арасында жартылай финалдық және финалдық жарыстар өтті. Ресей Федерациясының өкілі Катасева Мария әлем чемпионы болды.

35F80C73-3526-43D5-B495-D40CCA4DD2C9

Сағат 13.30-да ерлер арасында жарыс басталды. Осы жарыс бойынша 14 ерлер құрама командасының ішінде Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрама командасы табанды күресте 4 орынға ие болды. Үздік нәтижелерді Дәурен Құсманов - 16,05 секунд, Мақсат Романов - 16,12 секунд және Еркін Әбдібек - 16,17 секунд көрсетті.

Алдын ала жарыстар аяқталғаннан кейін ерлер арасында жартылай финалдық және финалдық жарыстар басталды. Беларусь Республикасының өкілі Наумов Илья чемпион атағын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале