23.12.2021, 10:50
Оқылды: 86

Ортақ мүдде жолда қалдырмайды

22 желтоқсан күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы жұмысын қорытындылау мақсатында «Мәслихаттар: елмен бірге ертеңге» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

46347c67-c8f8-4104-9d71-7db872eae2f6

 

– Әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қастерлі ұғым жоқ. Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгелермен теңесіп, жаңа қадамдар жасадық. 30 жыл ішінде жеткен толағай табыстарымыз алдағы уақытта тек жаңа мүмкіндіктерге бастайды. Мәслихат депутаты қашанда билік пен халықтың арасын жалғап тұратын алтын көпір. Халық қалаулылары жергілікті мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі. Биыл қала әкімдігі мен қалалық мәслихат тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытында бірлесе жұмыс атқарып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірқатар оң шешім қабылдады. Пандемия жағдайына қарамастан әр салада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе білдік, – дей келе Абат Абайұлы Тимур Ажғалиевке ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғысхатын, Марат Қаженовке ҚР Парламенті Сенатының құрмет грамотасын, Әзима Ғұбашеваға Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасын, Серік Мұхамбетәлиевке «Үздік депутат» төсбелгісі мен Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасын табыстады.

Тәуелсіздік жылдарында біздің елде қуатты заманауи мемлекет, бәсекеге  қабілетті экономика және біртұтас азаматтық қоғам құрылды. 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктердің арқасында қазақстандықтар  ертеңгі  күнге сеніммен қарай бастады. Орал қалалық мәслихатының бірінші шақырылған депутаттар жиналысының алғашқы сессиясы 1994 жылғы 28 наурызда өтті.

– Мәслихат жұмысының негізгі нысаны – сессия. Жыл басынан бері 10 сессия өткізілді. Біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі – қала бюджетінің қалыптасуымен тиімді жұмсалуын бақылау. Биыл бюджетті  бекіту мәселелерін қала әкімдігімен егжей-тегжейлі талқылаймыз. Мәслихаттың келесі сессиясында басты қаржылық құжат – Орал қаласының үш жылдық бюджетін бекіту жоспарлануда. Осы кезге дейін қала тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Қалалық  мәслихаттың 4 тұрақты комиссиясы бар. Тұрақты комиссия қызметін жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады. Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және  жұртшылықпен  байланыс жөніндегі тұрақты  комиссиясы 10 сәуірде  Орал қаласындағы кейбір көшелер мен алаңдарды қайта атау бойынша көпшілік тыңдау өткізді. Депутаттар «Nur Otan», «Ақ жол» және «Ауыл» партияларының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтармен еркін пікір алмасты, – деді қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев.

1cc5dee9-77e3-49ce-9bf2-655ee5c9999c

Есентай Ғиниятұлының айтуынша, қала аумақтарына мәслихат депутаттары бекітілген. Депутаттар өз аумағындағы мәселелерді ел жанашырлары, зейнет жасындағы қоғам қайраткерлері және белсенділермен бірге шешеді. Қалалық мәслихат депутаттары мерекелік және қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысады. Жолдарды жөндеу, жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, құқықтық тәртіпті қорғау және басқа да өзекті мәселелер депутаттардың көмегімен шешілуде. Қалалық мәслихат алдағы уақытта да қала тұрғындарының мүддесі мен игілігі үшін жұмыс істейді.

Есентай Қалиев елі үшін ерінбей еңбек етіп жүрген жандарға алғыс айтқаннан кейін Сергей Доля мен Жанна Кенжинаны ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, Арман Биғалиевті ҚР Парламенті Сенаты төрағасының алғысхатымен, Ғайсағали Сейтақты Орал қалалық мәслихат хатшысының алғысхатымен марапаттады.

Өз кезегінде қалалық мәслихаттың 4, 5, 6-шақырылым депутаты Валентина Михно мен 3, 4-шақырылым депутаты Қайдар Қапанов қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүргендердің атқарған игі істерін атап өтті.

762899c7-26e2-49de-a740-87a4942e2d7d

Мәслихат депутаттарына, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сый-сияпат көрсетілді. Жуырда қорытындыланған оқушылар арасындағы облыстық мүшәйрада жеңімпаз атанған №38 мектеп-лицейінің оқушысы Нұртілек Серікұлы мен мәнерлеп оқу байқауында топ жарған №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Нұрай Нұрланұлы өнер көрсетті. Іс-шара Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале