24.12.2020, 13:27
Оқылды: 108

Отанды қорғау – ердің  парызы

Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Біздің де сонау дәуірлерден бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақ жері. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы.

 сержант Утешов 0

Осынау тәуелсіз елдің тұ­ғы­ры биік, іргесі бекем болуы жолында еңбектеніп келе жат­қан сондай ерлер бар. Олар елге ерен еңбек сіңірумен және елдің тұ­рақтылығын қамтамасыз ету­мен қатар, мемлекеттегі қоғамдық   тәртіпті де қадағалайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы» де­ген болатын. Халықтың қа­һар­ман ұлдары да, қол бастаған пер­зенттері де Отан деген ұлы ұғымның аласармауын, ты­ныштық пен татулықтың тұ­ғыр­ға көтерілуін көздеді.

Міне, осындай Отан алдындағы әскери борышын келісімшарт бойынша адал атқарып жүрген жігері жастардың бірі – Орал шаһарындағы  5517 әскери бөлімінің 1-ші арнайы жедел мақсаттағы батальонның 1-ші взвод бөлімшесінің командирі, сержант Утешов Мирамбек Наурызбайұлы.

Мирамбек Наурызбайұлы 1991 жылы 22 қарашада Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына қарасты Искра ауылында дүниеге келген. Ал 1999 жылы ауылдағы орта мектепке 1-сыныпқа барып, аталмыш мектепті 2009 жылы аяқтайды.

- Мен өмірге тәуелсіздіктің ақ таңымен бірге келгенімді мақтаныш етіп, соған сай азамат болуды армандап жүрген жаспын. Сонау 2009 жылы орта мектепті тәмамдап, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетке түстім. Ал 2013 жылы оқуды аяқтаған соң бірден Отан алдындағы мерзімдік  әскери борышымды атқаруға әскерге шақырылдым. Әскер қатарында болатын бір жыл – бұл азаматтарды көп нәрсеге үйрететіні анық. Мен де әскерде жүріп көп нәрсені көңілге түйіп қайттым. Ер азаматқа тән шымырлық, төзімділік, темірдей тәртіпке үйрендім. Әскери қызметтің қыр-сырына қанықтым. Әскери қызметкер болу – өте жауапкершілігі жоғары міндет. Отанымның тыныштығын күзетіп, еліме қызмет ету мен үшін абырой болды, - дейді сержант М.Утешов.

Одан кейін, 2016 жылдың  мамыр айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлеріне қызметке орналасады. Еңбек жолын атқыштар ротасында  бақылаушы болып бастаған ол осы уақытқа дейін әскери са­ла­ның түрлі сатыларынан өтті. Түр­лі сынақтарға төтеп берген ол Отан қорғау жолындағы ойы­нан айныған емес. Қайта күн сайын шыңдалып, тәжірибе жинап келеді. Қалыптастырған тә­жі­рибесін ұлт тұрақтылығы жо­лынд­а жұмсауды көздейді.

Құқық тәртібі әскерлерінде қызмет еткен алғашқы күннен бастап сержант М.Утешов өзін өз ісінің сауатты, қызметіне жауапты атқарушы маманы ретінде танытады.

Ол өз қызметіне деген адалдығымен және әрдайым көмекке қол созатын жақсы іс-әрекеттерімен әріптестерінің арасында да, бөлім қолбасшылығының алдында да құрметке ие бола білді.

Сержант М.Утешов қол жеткізген жетістіктерімен ешқашан тоқтамайды, жауынгерлік даярлық деңгейін әрдайым арттырып, әскери тәртіпті нығайту үшін қарамағындағы сарбаздарға оңтайлы ықпал етудің неғұрлым нәтижелі нысандары мен әдістерін табады, ал олар өз кезегінде өз кіші командилеріне осындай қажырлы да еңбекті қызметі үшін дән риза.

Міне, осылардай «Сержант» деген әскери атқа кір келтірмей, керісінше, сержант болғандарын мақтан тұтып, сол үшін аянбай еңбек етіп жүрген сержант Утешов Мирамбек қызметіне жауапкершілікпен қарайтын әскери қызметкер ғана емес, үлгілі жанұяның отағасы. Өз ісімен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін азаматты әскери ортадағы қызметтестері де құрметтейді.

Жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, үлгілі әскери тәртібі, жоғары кәсібилігі үшін ол бөлім қолбасшылығынан бірнеше мәрте көтермелеуге ие болды.

Кейіпкеріміз әскери өмірде атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Қайратыңа әдісіңді серік ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет» деген қағидасын ұстанады. Сонымен қатар «Сержанттар – армияның негізгі бөлшегі, дәнекері. Олар офицердің көмекшісі, оң қолы» деген сөздер Мирамбекке арналғандай.

 

Ерболат Сұлтанов,

подполковник

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале