Қазақстан Теннис федерациясының мәліметінше, Астанадағы «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан W15/M15 санатындағы «Asu Open» халықаралық біріккен турнирінде отандық теннисшілер сәтті өнер көрсетуде. Жарыстың ширек финал және жартылай финал нәтижелері бойынша қазақстандық спортшылар төрт финалдың барлығына жолдама алды.

Фото: ktf.kz
Ерлер арасындағы M15 турнирінде Дамир Жалғасбай ширек финалда үндістандық Маан Кешарваниді 6:3, 6:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда Мукунд Сасикумар қарсыласуды тоқтатқаннан кейін финалға шықты. Ол жекелей сындан бөлек, жұптық сында Даниал Рахматуллаевпен бірге чемпиондық атақ үшін таласады.
Ал әйелдер арасындағы W15 турнирінде Асылжан Арыстанбекова ширек финалда 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон чемпионы Анна Пушкареваны 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Жартылай финалда қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартып, Арыстанбекова финалға шықты. Ол да жекелей сындан бөлек, Инкар Дюсебаймен жұптасып финалда өнер көрсетеді.
Шешуші матчтар бүгін, 9 тамыз күні өтеді.