28.04.2021, 1:21
Оқылды: 40

Отандық вакцинаның алғашқы легі жеткізілді

Қазақстандық «QazVac» вакцинасының  2000 дозадан тұратын алғашқы партиясы өңірімізге әкелініп, егу пункттеріне таратылуда.

4AE02D9A-5313-438E-BD63-27529C56ECB0

Қазақстандық және ресейлік вакциналардың басты айырмашылықтары – олардың сақталу температурасының әр түрлілігінде. Мәселен, бұған дейінгі «Sputnik-V»  вакцинасы –20 градус салқында сақталса, қазақстандық компонет +2 мен +8 градус жылылықта тұра береді.

«QazVac» вакцинасы 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі. Екпе салардың алдында адамға міндетті медициналық тексеру жүргізіледі. Яғни анамнез тексеріліп, дене температурасы мен қан қысымы өлшенеді. Екпе алғаннан кейін тұрғын 30 минут медициналық қызметкерлердің бақылауында болуы керек.

Айта кетейік, «QazVac» вакцинасы химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирус негізінде жасалған. Алғашқы отандық екпені ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды. Екпе жасау ерікті түрде жүргізілуде.  

Гүлсезім  Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале