Оралда қала әкімдігінің қолдауымен және Отбасы банктің ұйымдастыруымен – «Otbasy Friday» шарасы өтеді.
Шарада БҚО-дағы құрылыс жобалары мен Отбасы банк серіктестерінің жеңілдіктері туралы толық ақпарат ала аласыз, деп жазады Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Клиенттерге концерттік бағдарлама ұсынылып, құрылыс компаниялар мен серіктестердің жеңілдіктері, Отбасы Банкі өнімдері туралы кеңестер беріледі.
Қатысу үшін екі шартты орындайсыз.
1) 01.07.2022-14.07.2022 аралығында депозит ашып, оны 50 000 теңге немесе одан да көп сомаға толықтырасыз. Егер депозитыңыз болса, көрсетілген сомаға толықтырасыз.
2) Instagram желісіндегі @otbasybank_uralsk парақшасына жазылыңыз.
Екі шартты орындаған соң С.Датов көшесі, 28 мекенжайынан билетіңізді аласыз.
«Otbasy Friday» 2022 жылдың 15 шілдесінде сағат 18.00-де Шолохов атындағы скверінің амфитеатрында (Островский атындағы драма театрының жанында) өтеді.
zhaikpress.kz