17.09.2021, 23:20
Оқылды: 219

Отбасылық марафон өтті

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінде отбасылық марафон өтті.

246849A5-6CEB-4023-AB3D-133B4812AAA9

Ұйымдастырушылардың бірі, М.Қаналиев атындағы мектептің тәлімгері Нұрболат Жұмағазиевтің айтуынша, әрбір сынып оқушыларының ата-аналары С.Датұлы көшесінен топтық жүгіруді бастаса, межелі мәре мектептің алдында қорытындыланған.

B43AAF60-281A-4076-A839-BB6C10EE6FE6

    Сайыс қорытындысында Демеуовтер, Бердіғалиевтер, Қанатовтар, Төлеуiшовтер, Жұбашевтар, Берiкқалиевтер отбасыларын аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Мұханбеталиев аудандық білім беру бөлімінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале