2.10.2023, 18:00
Оқылды: 41

«Отбасының цифрлық картасы» арқылы 249 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Отбасының цифрлық картасын  енгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 651 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұл туралы өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 249 мыңнан астам адам пайдаланған. 

енбек

Сонымен қатар 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 19,8 миллионнан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале