Ол кішкентай кезінен-ақ «Менің анам қандай екен? Көздері мейірімді ме? Ол қайда тұрады? Маған жарық дүние сыйлаған жан қазір тірі ме екен? Әлде...» деген сұрақтарды жиі қоятын. Бірақ көңіл түкпірінде күндердің-күнінде анасымен кездесетініне сенімді еді. Төрт айлығынан бөбектер үйінің тұрғыны атанған Шалқар анасымен кездесер күнді асыға күтті. Армандар орындалады деген рас. Биыл ол өмір жолының отызыншы көктемінде анасымен қауышты. Сол күн оның өміріндегі ұмытылмас, әдемі күндердің бірі еді.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №46 санындағы журналист Гүлжамал Кенжеғалиеваның «Отыз жасында анасымен қауышты» атты мақаласында.
zhaikpress.kz