Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Оян, қазақ: «... оята  алды  ма?»

Көзіңді аш! Оян, қазақ! Көтер басты!

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты!

Найзаменен түртсе де,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, Алла-ай!

Бар ма екен біздей  ғафыл жұрт,

Атырафқа көз салсақ.

Көзі іскенше ұйқыға

Келе жатқан тоя алмай?

Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадай.

Мұрадын оңай кім табар,

Жар салып жұртқа  қақсамай?

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?

Міржақып Дулатов

Иә. Ел дүр етіп қабылдаған «Оян, қазақ!» тарихи фильмі біздің Оралға да жетті! «Синема парк» кинотеатрына көрермендер топ-топ болып ағылуда, экрандағы Алаш арыстарына тәу етуге асыққандай. Авторы әрі режиссёрі Мұрат Есжан бастап жарыққа шығарған бұл дүниенің кейіпкерлері – Міржақып, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахметсафа Юсупов сынды аяулы тұлғалар.

оян казак копия

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады. Сол топтоп болып ағылған қалың көрермендердің ішінде қаншасы оянып, қаншасының қалғумен шыққанын кім білсін,  әйтеуір, «Көрген балалар күрсініп, мұңайып шықты» дегенді айтады мұғалімдер. Автобусқа отырған соң Шәмшінің әндерін айтып, өз замандарына алғыс білдіргендей, қадірін білгендей сезім байқатыпты бір мектептердің оқушылары.

Сол  фильмді қарап келгеннен кейін жазған эсселерінен фильмнің өскелең жасқа біраз ой салғаны көрініп-ақ тұр. Облыстық Абай гимназиясы гимназистерінің (10-сынып) бір топ шығармасынан үзінді оқып көрейік:

«... Кейде сол ғұламаларымыздың орындары әлі ойсырап тұрғандай көрінеді маған... Әсіресе Міржақып Дулатұлының «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты!» деген жігерлі сөзі жетпейді. Егер де Міржақып Дулатұлы қазір бізбен бірге болса, бізді қалай оятар еді? Білімге баулып, көзімізді ашар еді. Телефонға тәуелді, кітапты қолға алмайтын адамдар үшін бір іс қолданар еді. Өзі де өткен өмірінен ой түйіп, адал дос пен амал досты салыстыра білер еді. Мысал келтіретін болсам, Базарбекпен болған жағдай. Басында Міржақыптың атын жамылып, халықтан мал жинамақшы болады ол. Ал кейін Міржақыптың соңына түсіп, өзге ұлттың мүддесіне жұмыс жасайды. Міржақып болса, Базарбекті жақсы адам көріп, оқу орнына тұрғызды. Уақыт өтіп, Міржақып Базарбектен көмек сұрай келгенде, ол бас тартты. «Біреуге мылтық үйреттім, ол мерген болды, мені атты» деп Абай атамыз айтқандай, адал дос пен амал досты айыра  білу  қажет».

Болат Айдана

«Оян, қазақ!» фильмінің желісіне сүйенер болсақ, өз қара басы үшін жолдасын, елін сатқандар қаншама!? «Ұлттың жаманы емес, адамның жаманы болады» демекші, қазақтың қара домалақ балаларының өздері көрер көзге жағымпазданып, жолдасының ту сыртынан пышақ сұқты емес пе! Мұндай адамдардың көбеюі мемлекеттің құруына әкелері анық... Мұның бәрін көре тұра астарлатып өлеңге қоспаса, Міржақып Міржақып болмас еді!».

Аяулым Өтегенқызы

«... Қазір біз тәуелсіз, өзгелермен терезесі тең елміз. Бірақ қанша жерден еркін ел болсақ та, отарлық саясаттан қалған зардапты әлі шегіп келеміз. Жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, парақорлық, зиянды әрекеттер мен қылмыстар, тілге төнген қауіп – барлығы елдігімізге сын. Сондықтан халықты ояту үшін мына заманға да бір Міржақып керек...».

Қажденов Мансур

«...Заманымыз тыныш, шүкір. Алайда, менің ойымша, Міржақыптай елді, халықты оятатын адам керек. Парақорлық, жемқорлық, телефонға тәуелділік және аяғы үлкен қасіретке апарып соғатын тіл мәселесі. Еліміз, жеріміз орнында, тәуелсіздігіміз қолда, халқымыз күн санап өсіп жатыр, ана тілімізде еркін сөйлеуге барлық мүмкіндігіміз бар. Бірақ орыс тілінде сөйлеу доғарылар емес. «Тіл жоғалса, ел де жоғалады» демекші, бұлай жалғаса берсе, еліміздің тағы бір елдің боданы болып  қалмасына  кім  кепіл?».

Балорақ Ардақ

Міне, өзіміз «Тамағы тоқ, киімі көк, ерке-тотай болып өсіп келеді» деп кінәлайтын жас ұрпақтың санасы осылай бұлқынып түсіпті «Оян, қазақты!» көргенде.

Тақырыптары қандай дейсіз және! «Қазіргі Міржақып Дулатұлы қазақты қалай оятар еді?», «Қазіргі Міржақып біздің заманымызда кімдерді оятар еді?», «Міржақып Дулатов қазақтарды оята алды ма?». Жас буынды бір көріп шыққанда-ақ осылай ойландырса, «оята алмады» деп қалай айтарсың!

Әрине, оята алды. Оятып келеді. Оята да бермек...

Дариға Мұштанова,

«Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы,

«Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін»

медалінің, «Ы. Алтынсарин» белгісінің иегері,

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,

ҚР Мәдениет саласының үздігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале