7.03.2022, 14:30
Оқылды: 49

Өз ісіне жауапкершілігі мол ардақты ана

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Ольга Ивановна Протопопова туралы айтқымыз келеді, ол өз өмірінің 30 жылын осы бағыттағы жұмысқа арнаған.

WhatsApp Image 2022-03-07 at 12.57.48

Экономикалық білімі бар жергілікті техникумның 20 жастағы түлегі Ольга Ивановна 1996 жылы мемлекеттік өртке қарсы қызметке жалданбалы жұмысшы болып орналасты, ол сол жылдары ішкі істер басқармасы құрамында болды. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын сырттай аяқтап, түрлі лауазымдарда еңбек етті.

Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасында қызмет атқаратын Ольга Ивановна өз ісіне аса жауапты және күрделі міндетті, яғни, қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алуды сәтті орындауда.

Өскелең ұрпақтың азаматтық қорғау қызметіне деген қызығушылығын оята отырып, қалалық мектептерде «Жас құтқарушы», «Жас өрт сөндірушілер жасағы» үйірмелерінің қатысушылары арасында үнемі түрлі жарыстар мен конкурстар өткізеді.

Ольга Ивановна тұрғындардың назарын үйлердегі өрт мәселесіне аударудың жаңа тәсілдерін іздеуде қала ортасындағы басты көшелердің бірінде тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы бетіне мурал салуды ұйымдастырып, орналастыруға үлкен үлес қосты.

Өткен жылдың қараша айында жергілікті атқарушы органдар мен еріктілермен бірлесіп, тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін улы газды анықтау датчиктерін сатып алуды және орнатуға атсалысты.

«Бұл идея маған 2019 жылы 5 баланың өлімі туралы репортажды көргенде келді. Сол сәтте мен өзіме «Бұл біздің қаламызда қайталанбау керек» дедім, – дейді Ольга Ивановна.

WhatsApp Image 2022-03-07 at 13.07.43

Сондай-ақ ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттарына, болашақ құтқарушыларға жеке және кәсіби қалыптасуына көмек көрсетіп келеді.

Ольга Ивановна спортпен қатар, көгалдандырумен айналысқанды жақсы көреді. Оның бақшасында түрлі жеміс-жидек өсуде. «Көгалдандыру мен үшін медитация сияқты, бұл менің жұмысымның тиімділігін, қызығушылығы мен дағдыларын жақсартады. Бұл хобби маған тыныштық сыйлайды», - дейді.

WhatsApp Image 2022-03-07 at 13.08.28

Бүгінгі күні Ольга Ивановна ҚР ІІМ құқық қорғау жүйесінде полиция подполковнигі атағында қызмет еткен жұбайымен екі қыз тәрбиелеуде.

Асланбек Хайруллин

Орал қаласы ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале