9.01.2025, 12:30
Оқылды: 82

Өзбекстан Республикасына халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық тасымалдаушылардың назарына

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат шығуда, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.

c9e46f943e900b184cdb7e34e8920abe_1280x720Сурет: gov.kz

2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале