20.02.2022, 10:20
Оқылды: 161

Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарды

Өзбекстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 ақпанда 191 адамда коронавирус инфекциясы анықталған, бұл 146 жағдай тіркелген 5 қаңтардан бергі ең төменгі көрсеткіш.

200315121002311e

Айта кетейік, қаңтар айының ортасынан бері вирус жұқтыру көрсеткіші күніне 1000-1400 адам деңгейінде болды. Ақпанның бірінші онкүндігінде жағдай жақсарып, COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны тәулігіне 500-ге дейін түсті.

«2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 235 063 (+191) адамды құрады. Жалпы сауығып кеткендердің саны 224458 (+1382), сауығу көрсеткіші 95 пайызды құрап отыр», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале