12.10.2022, 9:16
Оқылды: 51

Өзбекстанда шетелдіктердің көбеюіне байланысты арендаторларды үйінен қуып жатыр - министрлік

Өзбекстанда шетелдіктердің ағылып келуі мен жалға берілетін тұрғын үй бағасының айтарлықтай өсуіне байланысты жалға алушыларды көшіру фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

221011185345902e

Фото: economist.kg

Министрліктің мәліметінше, соңғы кездері Өзбекстанға келуші шетелдіктер саны күрт өсіп, елдің туристік әлеуетіне оң әсер етіп отыр.

Алайда олардың шамадан тыс көптігі жағымсыз салдарға әкеп жатыр.

«Кейбір отандастарымыздың тұрғын үйді жалға беру арқылы көбірек пайда табу мақсатында жалға алушыларды мәжбүрлеп шығару немесе бұрын жалға алынған пәтерлердің бағасын негізсіз көтеру жағдайлары тіркеліп жатыр», - деп хабарлайды елдің Әділет министрлігі.

Ведомство бұл әрекеттер Өзбекстанның азаматтық кодексі мен басқа да заңнамалық актілердің талаптарын, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алудың құқықтық негіздерін бұзатынын еске салды.

Әділет министрлігі шарт талаптарын біржақты өзгерту немесе меншік иесінің бастамасы бойынша оны бұзу тек сот тәртібімен жүзеге асатынын түсіндірді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Өзбекстан астанасында пәтер жалдау бағасы шетел азаматтарының, бірінші кезекте ресейліктердің келуіне байланысты екі есе өскен.

Атап айтқанда, бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлердің құны 300-450 доллардан 600-1500 долларға дейін өскен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале