25.08.2022, 9:00
Оқылды: 58

Өзбекстаннан 62 тонна қауынды контрабандалық жолмен елге жеткізбек болғандар ұсталды

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінде қауынды контрабандалық жолмен әкелмек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

220824181239229e

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылауды жүргізу кезінде көлік құралдарында тауарларды қарап тексеруге мүмкіндік беретін инспекциялық тексеріп-қарау кешендерін сәтті қолданады және кедендік декларацияларда мәлімделген тауарлар туралы мәліметтерде алшақтық болған кезде нақтыланған кедендік жете тексеруді жүргізеді.

Мәселен, 2022 жылғы 23 тамызда «Қапланбек» кеден бекетінде комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері инспекциялық тексеріп-қарау кешенінің суреттерін талдау кезінде мәлімделген құжаттардан сәйкессіздік анықтады.

 

Құжаттарда мәлімделген «қарбыздың» орнына суретте сопақша пішіндес тауар көрінді. Комитеттің 2021 жылғы 12 қарашадағы №722 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тексеріп қарау интроскопиялық техникасын қолдануы тәртібіне» сәйкес, МКК-нің Ахуалдық орталығы кеден заңнамасын бұзуға күдік туындаған мәліметтерді кедендік жете тексеруге жіберді.

Кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде (Ахуалдық орталықтың бейне сүйемелдеуі) «Қапланбек» кеден бекетінің қызметкерлері 62 тонна декларацияланбаған «қауын» тауарын анықтады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы 12 тонна «қауын» тауарын және 66 тонна «қарбыз» тауарын мәлімдеген.

Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатында импорттаушылар декларацияларда неғұрлым арзан тауарды мәлімдейді.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы қолданыстағы заңнамамен жауапқа тартылатын болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-қауымдастықты қолданыстағы кеден заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады»,-делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале