25.03.2022, 19:57
Оқылды: 49

Өзекті тақырыпты талқыға салған дөңгелек үстел

Облыстық сотта «Алқабилер алқасы институты. Сот тәжірибесінде кездесетін мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

WhatsApp Image 2022-03-25 at 20.52.04

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Ізбасаров, облыстық сот судьялары, БҚО ҚІЖМАС-ның төрағасы А.Дюсингалиев, БҚО жергілікті атқарушылық және құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқасының және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырысты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Ізбасаров ашып, республиканың сот жүйесіне алқабилер институтының ерекше маңыздылығын баса айтты.

WhatsApp Image 2022-03-25 at 20.47.50
БҚО ҚІЖМАС-ның төрағасы А.Дюсингалиев өзінің баяндамасында қылмыстық іс қарау кезінде анықталған алқабилер үміткерлерінің тізіміндегі кемшіліктерге, қылмыстық қудалау органының жеткіліксіз жұмысын, адвокаттардың алқабилермен қаралатын істерді қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың құқықтарын түсіндіру туралы арнайы мысал келтіріп айтып өтті.
Талқылау барысында қатысушылар алқабиге үміткерлердің тізімінің сапасын көтеруде шара алу, алқабилер институты туралы ақпараттандыруды жақсарту жөнінде өз пікірлерімен алмасты.
Жергілікті атқарушы органға тізім жасақтаған кезде мемлекеттік органдардан, ұжымдармен азаматтардан мәліметтер талап етуді, халықты алқабилер туралы тек сайттар арқылы емес телеарна, радио және БАҚ басылым арқылы да ақпараттандыруға ұсыныс жасалды.
Алқабилер қатысумен қаралатын істер ережесін қылмыстық қудалау органына және адвокаттарға, күдіктілер мен сотталғандар арасында түсініктеме жұмысын жүргізуді нығайтуды ұсынды.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале