11.10.2023, 17:00
Оқылды: 10

«ӨзгерIS» менторлық оқыту бағдарламасы басталды

Алматы облысы Талғар ауданы «Ақ Бұлақ» демалыс орнында «ӨзгерIS» - жастарды менторлық оқыту бағдарламасы басталды.

fbe1e8743ed8da2eb463a78ede52a47f_1280x720

Ақпарат және мәдениет министрлігінің хабарлауынша, шара  25 қазан – Республика күніне орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Ules» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Менторлық оқыту бағдарламасында жастар тұлғалық даму, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, кәсіби бағдар беру (профориентация), медиа бағыттары бойынша білімдерін шыңдайды.

627b9c931dfcfb1b8a2ff4380d6727b8_1280x720

«ӨзгерIS» менторлық оқыту бағдарламасына республиканың түкпір-түкпірінен 100 жас қатысып жатыр.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткерлері, инфлюенсерлер мен түрлі сала мамандары жастармен кездесіп дәріс оқиды. Сонымен қатар жастар спорттық, шығармашылық бағытта жарысады. Шара соңында қатысушыларға оқыған бағыты бойынша арнайы сертификаттар табысталады.

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ директорының айтуынша – бағдарламаға қатысуға 200-ден астам өтінім келіп түскен. Толтырылған сауалнама мен мотивациялық хаттардың негізінде 100 жас іріктеліп алынды. Қатысушылардың арасында студенттер, ұстаздар, кәсіпкерлер және түрлі сала мамандары бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале