10.11.2023, 20:48
Оқылды: 74

Панамада өткен World Robot Olympiad-тағы қазақстандық жеңіс

Панама астанасында тарихта тұңғыш рет үш қазақстандық команда WRO тұғырына көтерілді.

IMG-20231110-WA0040

Елордадағы «Роботек» мектебінің оқушылары Амир Карабаев пен Ансар Саурбаев «Future Engineers» категориясы бойынша WRO-2023 күміс жүлдесін елге әкелді. Сондай-ақ «Роботектен» Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров Қазақстан қоржынын панамалық қоламен толықтырды. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев «Robomission» категориясында үшінші болып жеңіс тұғырына көтерілді. Оларды  бірінші болып олардың жаттықтырушылары Владимир Усольцев, Мирас Мұратқанов және Серік Ахметов құттықтады.

Панамада өткен жылдың басты жарысына 80-нен астам елдің робототехникасының ең табысты командалары қатысты.

Дүниежүзілік робототехника олимпиадасының жаһандық күн тәртібі адам мен робот ынтымақтастығын табысты және қауіпсіз ету мәселесіне арналған. WRO-ның негізгі тақырыптары дәстүрлі түрде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен байланысты. 2023 жылға арналған тақырып әлем елдері үшін  ортақ – «Connecting the World» «Әлемді байланыстырамыз». Командалар цифрлық индустрия үшін инфрақұрылым мен логистиканы жасайтын роботтармен жұмыс істеді.

IMG-20231110-WA0038

Үш күн бойы World Robot Olympiad әлемдік финалында қазақстандық құлтемір құрастырушылар бірегей шығармашылық инженерлік шешімдер мен жеңіске деген сенімділігімен көзге түсті.

Бүгінгі таңда World Robot Olympiad – миссиясы бүкіл әлем бойынша робототехника мен STEM білім беруді ілгерілету саналатын жаһандық олимпиада. Қазақстан құрамасы WRO ел чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталды.

Мира Алипинова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале