22.06.2021, 9:22
Оқылды: 239

«Парасатты мемлекеттік қызметші»

Осындай атаумен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Болашақ» корпоративтік қоры өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілер арасында бейнеролик түсіруден облыстық байқау өткізді.

мм11

Байқаудың негізгі мақсаты үздік мемқызметшіні анықтап, халық арасында олардың парасаттылық, адалдық қасиеттерін үлгі етіп, көпшілікке дәріптеу және мемқызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосу болып табылады. Байқауға қатысушының мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы міндетті болатын. Ол туралы БАҚ беттерінде сыни мақала жарияланбауы және соңғы бір жыл ішінде әкімшілік жазаға тартылмаған болуы керек.

Ұзақтығы 5 минутты құрайтын бейнероликте байқауға қатысушы өзінің күнделікті жұмысын насихаттап, мемқызметші сапындағы қызметтік міндеттерін көрсете білуі керек. Нәтижесінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Әйгерім Сансызбаева үздік болды, Казталов ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абешова мен жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Арайлым Бақытжанова жүлделі орындарды иеленді.

Барлық жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

 

zhaikpress.kz

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале