27.07.2024, 22:45
Оқылды: 38

Париж Олимпиадасы: бірінші күннен соң үздік үштіктеміз

Олимпиаданың бірінші жарыс күнінен кейін ел спортшылары медаль саны бойынша екінші орынға шықты. Көш басында – Қытай. Шығыс көршіміз екі алтын жеңіп үлгерді. Қазақстанмен бірге екінші орынға тұрақтаған Бельгия, Жапония және Австралия спортшылары бір алтын, бір күміс жеңіп алды.

FD952B01-AA23-48E2-925A-A4309C1FADBB

Фото: Сали Сабиров/olympic.kz

Қазақ елі спортшылары қоржынға бір алтын, бір қола медаль салды. Қоланы пневматикалық мылтық атуда Ислам Сәтбаев пен Александра Ле  иеленді. Ал алтын жүлдені дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды.

Өзінің үшінші Олимпиадасына барған Елдостың еншісінде Токионың қоласы, Рионың күмісі бар.

«Жайық Пресс» медиахолдингінің ұжымы палуанды жеңісімен құттықтайды.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале