19.04.2024, 10:01
Оқылды: 57

Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісінің жеңімпаздары анықталды

"Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда 2 жеңімпаз белгілі болды: «Спорттық форма» номинациясы – Health&Sport ЖК; «Салтанатты спорттық форма» - ЖШС «Эксклюзив студио»; «Ту ұстаушылардың спорттық формасы» - ЖШС "Эксклюзив студио"", - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

78a5afb6e8ff1f5fcc21448507d7768f_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін жіберген болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады.

0edb2965b2523d6ba45d8013676164c7_1280x720

Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері болды. Бұл құрамда Елдос Сметов, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов сынды спортшылар да бар.

881f3c8f04b5dc767b31aa57c9b55516_1280x720

Ұсынылған материалдарда қоғам тарапынан айтылған сындар да ескерілді. Спорттық киімдердің сапасы талапқа сай жоғары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале