30.12.2021, 11:22
Оқылды: 106

Париж тұрғындары енді көшеде маскамен жүруі керек

Коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты 31 желтоқсаннан бастап Париж көшелерінде маска кию қайтадан міндетті болады, бұл туралы қала полициясы сәрсенбіде мәлемдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

photo_91858

"31 желтоқсаннан бастап Булон орманы мен Венсен қорығынан басқа Париждің қоғамдық орындарында бетперде кию міндетті болады", - делінген хабарламада.

Бұл міндеттеме жеке көлікпен жүретіндерді, велосипедшілерді және спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, 11 жастан асқан адамдарға қолданылады.

Бұзушылық үшін 135 еуро айыппұл салынады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Францияда сәрсенбіде 200 мыңнан астам адам жаңа COVID-19 жұқтырғанын айтты, бұл рекорд. Ол сондай-ақ жақын арада Францияда омикрон штамы басым болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале