7.01.2021, 18:33
Оқылды: 18

Партия ана мен баланы қорғайды

5 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Снежанна Имашева өзінің фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасында «Үміткерге сұрақ» айдары аясында тікелей эфир өткізді.

 н

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған үміткерлер осы уақытқа дейін өздерінің әлеуметтік парақшаларында бірнеше тікелей эфирлер өткізіп, халықтың сұрақ, ұсыныстарына жауап беріп келеді.

Тікелей эфирде бірнеше сұрақтар көтерілді. Олардың ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға партия тарапынан жасалынатын мүмкіндіктер туралы сұрақтар болды. Бұл орайда үміткер партияның сайлауалды бағдарламасында бұл топтағы азаматтар үшін баспана кезегінің мәселесі, инклюзивті білім беру механизмдері, жұмысқа орналасу және оңалту орталықтарындағы мәселелер шешімін табатындығын айтты.

Сонымен қатар, әйелдер мен жастарға жасалатын қолдаулар туралы сұрақтарға үміткер өз сөзінде: «Партия тұрмыстық зорлық-зомбылықтарға тосқауыл болады. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы өзінің жалғасын тауып, өкілеттік органдарда әйел қызметкерлердің үлесі 30%-ға артатын болады. Атаулы көмек көрсетулерді арттырып, кәсіпкерлік саладағы қызығушылықтарын қолдаймыз. Жастар үшін «Алғашқы жұмыс орным» жобасын іске қосып, жұмыс жасап жатқан жастарға 3 мың жалдамалы пәтерлерді ұсынамыз. Жастардың кәсіпкерлік идеяларына гранттар бөліп, кәсіпкерлік бағытта тегін оқытатын боламыз», - деп жауап берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале