21.04.2022, 20:52
Оқылды: 39

Павел Дуров Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтығын алды – БАҚ

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) азаматтығын алды. Forbes келтірген дерекке сәйкес, кәсіпкер осыны қоса алғанда төрт елдің азаматы болып саналады. Атап айқанда, Ресей, Франция, Сент-Китс және Невис кариб мемлекеттері және БАӘ.
279e9dc88b1142c0ad82e92cbcef2f62
Сурет: vk.com/Павел Дуров

Жақында Дуров Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан бин Мохаммед бин Рашид әл-Мактуммен кездесті.

Басылым дерек көзі Дуровтың ресейлік төлқұжатының мерзімі әлдеқашан өтіп кеткенін айтты. Оның айтуынша, Павелдың Ресейге бармай кеткелі сегіз жыл болған, онда қандай да бір активтері де жоқ көрінеді.

Павел Дуров 2017 жылы Telegram штаб-пәтерін Дубайдағы Media City еркін экономикалық аймағындағы кешеннің бірінің 23-ші қабатынан ашқан болатын.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале