Павлодар облысында еліктер саны артып келе жатқаны байқалады. Тек өңірдегі орманшылар 500-ден астам елікті есепке алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта қардың қатаюын күткен Павлодар орман шаруашылығының мамандары жануарларға қамқорлық жасау шараларын жүзеге асырып жатыр.
- Біздің Павлодар орман шаруашылығының орманшылары 500-ден астам басты есепке алған. Әрбір орманшы өзінің жабайы жануарларды есепке алу күнделігіне еліктердің санын тіркеп отырады, - дейді мекеме басшысы Аждар Жүсіпов.
Қыз мезгілінде жануарларға қамқорлық көрсету мақсатында орманға 70 жемсалғыш орнатып, оларды жаңа шөппен, сыпырғышпен толтырады. Сонымен қатар жақын жерге тұз салады.
Көбінесе еліктер мен бұғылар, жабайы қабандар қоректенеді.
Орманшылар мұндай жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Астаулар босап қалған кезде қайтадан жаңа тамақпен толтырады.