26.04.2024, 15:30
Оқылды: 35

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық конкурсы басталды

"Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі басталды", - деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігі.

96b3eb5ca2866499148bc0a0ffc646f8_1280x720

Фото: www.gov.kz

Конкурс мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын тарату және танымал ету.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» – бұл еліміздің барлық өңірлерінің педагогтері инновациялық идеяларды ұсынатын, тәжірибе алмасатын және жаңа практикаларды игеретін сараптамалық алаң. Конкурс цифрлық технологияларды белсенді қолданумен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде педагогтердің IT-құзыреттілік деңгейіне оң әсер етеді. Биыл «Педагогикалық идеялар панорамасы» 5-ші рет өтеді, педагогтердің конкурсқа қызығушылығы жыл сайын артып келеді», – дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер  сайтында 24 сәуір–15 қазан аралығында қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық және Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы филиалдарына хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале