19.01.2023, 10:15
Оқылды: 42

Пеш жаққанда көміртегі тотығына уланбас үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары пеш жаққанда көміртегі тотығына уланбас үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230119-WA0000

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы пештен бөлінетін қауіпті газдан 14 адам, оның ішінде 7 бала зардап шекті. Барлық оқиға тұрғындар ұйықтап жатқанда болған.

«7 жағдай - пеште жарық болуынан, 5 - түтін мұржасының тазартылмағанынан, 2 - пештің түтін тартуы болмауы себебінен тіркелді. Биылғы жылыту маусымында көміртегі тотығынан 10 адам уланған. Соңғы оқиға өткен демалыс күні Өскемен қаласында болған. Жарығы бар пеш пайдаланылған үйде 1950 жылы туған әйел және 1955 жылғы ер адам уланып, ауруханаға жатқызылды», - делінген ақпаратта.

Улы газ бірден тыныс алу жүйесі арқылы денеге еніп, өкпеден қан айналымы жүйесіне өтеді. Онда гемоглобинмен араласқаннан кейін қан оттегін тасымалдау және оны тіндерге жеткізу қабілетін жоғалтады. Соның салдарынан ең әуелі ми зардап шегеді.

Осы ретте, құтқарушылар халыққа пеш жаққанда көміртегі тотығымен уланбас үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндіріп өтті.

- Пешті 3 айда кемінде 1 рет тазалау керек.

- Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, оны қадағалауды балаларға тапсыруға болмайды.

- Пеш жаққан кезде тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз.

- Пеш пен түтін мұржасының бетінен 0,5 метрден кем қашықтықта жанғыш заттар мен материалдарды кептірмеңіз.

- Желдету және газ арналарын түтін мұржасы ретінде пайдалануға болмайды.

- Ақаулары мен жарықтары бар пешті пайдаланбаңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале