26.05.2026, 9:30
Оқылды: 49

Полиция айыппұл туралы жалған хабарламаларға сенбеуге шақырады

ҚР ІІМ баспасөз орталығы соңғы уақытта тұрғындардың ұялы телефондарына “ҚР Жол полициясы департаменті” атауымен әкімшілік айыппұлдардың бар екендігі туралы күмәнді SMS-хабарламалар жиі жолданып жүргенін хабарлайды. 

Полиция ЖП (жаңа фото)

Фото "Жайық Пресс" қорынан

     Полиция бұл хабарламалардың алаяқтар тарапынан азаматтарды алдап, жеке деректерін иемдену және ақша қаражатын жымқыру мақсатында таратылып жатқанын ескертеді. Хабарламаларда көбіне белгісіз интернет-сілтемелер көрсетіліп, сол арқылы тұрғындардың жеке мәліметтеріне қол жеткізу әрекеттері жасалады.

Осыған байланысты азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бөгде сайттарға жеке деректер мен банк карталарының мәліметтерін енгізбеуге шақырамыз.

Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тек ресми ақпарат көздері арқылы ғана тексеру қажет:

— qamqor.gov.kz

— eGov.kz

— сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Полиция тұрғындарды қырағылық танытып, интернет-алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале