ҚР ІІМ азаматтарға алдын алу және ескерту сипатындағы SMS жібере бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото дереккөзі: stan.kz
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, алаяқтық туралы SMS хабарлама тарату жөнінде 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуі кезінде айтылған.
Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді. Яғни, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.
ІІМ сақтық шараларын еске салады:
– ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдарға сенбеу керек. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;
– өздерін банк, полиция қызметкері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;
– белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға келісуге тырысыңыз;
– күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;
– қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;
– белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;
– банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
– өз шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.