Қарашаның 21-нен 22-не қараған түні Казталов ауданы Бірік ауылдық округіне қарасты Лекер қыстағының тұрғынына тиесілі 700 бас қойы қараусыз қалып, жоғалып кеткен.
Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған фактіге қатысты Казталов ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенан Нұрсұлтан Серік жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, жоғалған қойды іздеп табу үшін, қойдың иесімен бірге іздесуге шығады.
Қырағылық танытқан полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 700 бас қойды 22 қараша күні сағат 16:05 шамасында жайылымнан тауып, түгелдей иесіне айдап әкеліп берген.
Жоғалған қойдың иесі өзінің мұндай жағдайға тап болып, полиция қызметкерлерінен қол ұшын сұрап, олардың дер кезінде қойының іздеп табылуына жәрдемдескен сақшыға алғысын білдірді.
Айта кету керек, 27 қараша Батыс Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы басталды. Аталған шара ертеңге дейін жалғасады.
Екі күн ішінде екі факті тіркеліп, екеуі де ашылған.
zhaikpress.kz