26.08.2022, 15:46
Оқылды: 84

Португалияда үй ауласынан динозаврдың қаңқасы табылды

Еуропада табылған ең үлкен динозавр қаңқаларының бірі Португалияда үй ауласынан шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CBS News-ке сілтеме жасап.

2

Помбал қаласында тұратын ер адам 2017 жылы құрылыс кезінде ауласынан сүйектердің сынықтарын байқап, зерттеу тобына хабарласқан. Топ қазба жұмыстарына кірісті.

Испания мен Португалия палеонтологтары осы аптада жариялаған пресс-релизде өздерінің континентте табылған ең ірі зауропод динозаврының қалдықтарын қазып алғанын мәлімдеген.

Зауропод – мойындары мен құйрықтары ұзын келетін, шөппен қоректенетін төрт аяқты динозавр. Бауырмен жорғалаушылардың бұл түрінің биіктігі шамамен 11,8 метр және ұзындығы 25 метр болған.

Қазба орнынан қаңқаның маңызды элементтері, соның ішінде брахиозаврға тиесілі болуы мүмкін омыртқалар мен қабырғалар жиналды. Тарихқа дейінгі жануарлар Жер бетінде 160-100 миллион жыл бұрын өмір сүрген.

Динозавр қалдықтарының сақталу ерекшеліктеріне қарай, зерттеушілер қаңқаның басқа да бөліктері табылуы мүмкін деген ойда.

 

Фото: www.cbsnews.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале