29.03.2017, 15:30
Оқылды: 39

Премьер-Министр БҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуын бағалады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев БҚО-ға жұмыс сапары барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған мектепке дейінгі балалар ұйымының жұмысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Нысанды аралау барысында ҚР Премьер-Министріне балабақшаның қазіргі жұмысы жайлы баяндалып, ғимараттағы дамыту бөліміндегі сабақтар көрсетілді.

200 орынға шақталған «Жәңгір хан» балабақшасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарын қолданумен салынған. Мекеменің компьютерлік сауаттылыққа үйрету кабинеттері, қызығушылықтар, өзін-өзі тану бөлмелері, сонымен қатар шығармашылық бейнелеу  студиясы бар.

Айта кету керек, ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік инфрақұрылымның, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі тетігіне айналуы тиіс. МЖӘ тетігі білім беру нысандарына инфрақұрылымдық қолдау көрсету мен құрылысынан өзге, бюджет қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бизнеске тиімді жағдайларда жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндіктер береді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале