3.11.2020, 10:45
Оқылды: 152

Премьер-Министр Материалдық-техникалық жарақтандыру туралы жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі шараларына қатысты тапсырмалар берді.

660AF142-E850-43FD-9F1D-9AB4D45A5990

«Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын алу, күштер мен құралдардың өртті жедел сөндіруге дайындығы мәселесін нақты үйлестіруді қамтамасыз етсін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықты анықтау және әсіресе, тұрғын үйлер мен коғамдық жерлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау бойынша жұмысты жалғастыру керек. Ішкі істер министрлігімен тұрғын үй секторында тиісті рейдтер жүргізсін», - деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар әкімдіктерге әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктелді.

«Әлеуметтік саладағы нысандарда орналасқан қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алып, оларды ғимараттан шығару мәселесін жылдамдатып шешу керек. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін құру жұмыстарын жалғастыру қажет», - деді А.Мамин. Мұнымен қоса, жауапты министрлікке елді мекендер мен нысандарда өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту және өрт қауіпсізідігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру тапсырылды. «Осыған орай, министрлікке мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2021 жылдан бастап келесі үш жылдық кезеңге арналған Материалдық-техникалық жарақтандыру туралы жаңа жол картасын әзірлеп, бекітуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале