15.05.2023, 14:34
Оқылды: 47

Премьер-министр Смайылов ТМРК төрағасына сөгіс жариялады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасына коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын кешіктіргені үшін сөгіс жариялады.

photo_112552

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында премьер-министр Мемлекет басшысы саладағы күрделі проблемаларды ескере отырып, елдің тіршілік көзіне қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыруды тапсырғанын айтты.

"Ол үшін біз заңнамалық түзетулерді, нормативтік құқықтық актілерді қабылдадық. Бұған дейін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтерін түзете алмай келген едік. Енді оған мүмкіндік туып отыр", - деді Әлихан Смайылов.

tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале