5.12.2024, 15:45
Оқылды: 124

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

IMG_4202

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале