Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында кедендегі тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеденде, әсіресе Қытаймен шекарада тәртіп орнатудың астарында бюджетке кірісті арттырудың маңызды әлеуеті жатыр. Онда болып жатқан нағыз былықтар бәріне мәлім. Машиналар толық тексерілмейді, салықтар мен баждар төленбейді, Қытайдың кеден органдарымен салыстырмалы статистикасындағы сәйкессіздік миллиардтаған долларға жетеді. Қандай да бір қол сұғылмайтын мәртебесі бар уәкілетті операторлар бар. Еліміз салық түріндегі ондаған миллиард теңгені жоғалтуда. Бұлай жалғаса беруіне болмайды», - деді Президент.
Мемлекет басшысы Бас прокуратураға Қаржы министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да мүдделі органдармен кешенді тексеру жүргізіп, кеден шекарасындағы тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.