17.05.2023, 12:30
Оқылды: 120

Президент Қытайға не үшін барды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.


2678e99d-7f1a-469a-8468-2ee28cae2919
Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

1fb1918b-24f2-4c01-aad1-700579715c10

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді. Сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

2b9c0566-4e38-4b51-ae23-4de9a4627d59

Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

90a36a66-a244-47d5-9eff-212ce17817b0

9b71ec66-050b-4cd8-985a-7022e44926c2 c2022fc1-213c-40a6-9115-986da2b3b62f

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале