«Құбылмалы жағдайда мемлекеттік аппарат ахуалға қарай жедел әрі үйлесімді әрекет ету керек. Шешім қабылдаудың баяу стилі мен шенеунік формализміне бұл жерде жол беруге болмайды. Қазір толығымен жұмылу керек. Шешімдер бизнес пе азаматтардың шынайы сұраныстары негізінде жылдам қабылдануы қажет. Ары кетсе, қайталап айтамын, ары кетсе 3 күн ішінде, әйтпесе, тәулік ішінде қабылдануы керек», - деген Президент Үкімет жанынан құрылған жедел штабтың міндетіне де тоқталды.
«Президент Үкімет жанынан құрылған жедел штаб нақты уақыт режимінде ақпаратқа талдау жүргізетін, сондай-ақ, нақты шұғыл шаралар әзірлейтін ахуалдық орталық ретінде бір мезгілде жұмыс істеуі тиіс. Жүйелі деңгейде елдің дамуын тежейтін шектен тыс бюрократияны жою қажет», - деді Мемлекет басшысы.